КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ

«Газпром нефть - Қазақстан» ЖШС - бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы «Газпром нефть» ЖАҚ ресми дилері және ең келешекті өткізу кәсіпорындарының бірі болып табылады.

«Газпром нефть - Қазақстан» «Газпром нефтьтің» еншілес ұйымы Омбы мұнай өңдеу зауыты өндірісінің мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асырады. 

«Газпромнефть» АЖҚС Ресейде және ТМД елдерінде 1400-ге жуық станциялары бар. «Газпромнефть» АЖҚС желісінің кең географиясы және Омбы, Мәскеу және Ярославль мұнай өңдеу зауыттарының тиімді орналасуы Батыс Сібірдің және Ресейдің орталық бөлігінің бөлшек нарығында желінің көшбасшы позицияларын қамтамасыз етеді. Қазақстанда «Газпромнефть» АЖҚС желісі Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Түркістан, Сарыағаш, Есік, Кентау, Қарағанды, Өскемен, Теміртау қалаларында, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орналасқан 70 станциялары бар. Қазақстандағы «Газпромнефть» АЖҚС-да АИ-92, «Премиум Еуро-95», «Супер Еуро-98» маркалы жанармай, дизель отыны сатылады. Барлық мұнай өнімдері Еуро-5 экологиялық стандарттарына сәйкес келеді.

Боралдай мұнай базасына отын Омбы МӨЗ-нан темір жол бойынша жеткізіледі. Мұнай базасының сақтау көлемі – 18 мың текше метрге дейінгі жанармай және дизель отыны. Заманауи автоматтандырылған құю жүйесі бір уақытта мұнай өнімдерін 10 темір жол цистерналарынан қабылдауға және отынды 8 жанармай тасымалдаушыға құюға мүмкіндік береді.

G-Drive – жаңа заман отыны, «Газпромнефть» желісінің автожанармай құю станцияларында сатылады. Қоспалардың белсенді кешенін құрайтын премиалды отынның негізгі артықшыларының арасында, - қозғалтқыш қуатының 12%-ға дейін ұлғайтылуы, автомобильдің екпін алу серпінінің 1,8 секундқа дейін жақсартылуы, сонымен қатар қозғалтқыштың отын жүйесінің кәсіби қорғалуы.

 

Инвесторлардың мәліметіне: http://ir.gazprom-neft.ru/