Тарихы
«Газпром нефть - Қазақстан» Қазақстан нарығында 2007 жылы пайда болды. Бірінші кезеңде компания тек көтерме
жеткізуде ғана жұмыс істеді.
2008 жылы «Газпром нефть – Қазақстан» компаниясы Алматы облысының Боралдай кентінде өндірістік базаны сатып
алды. Барлығы Боралдайдағы мұнай базасында жалпы сыйымдылығы 17 800 текше метрді құрайтын отынды сақтауға
арналған 12 резервуар бар, олардың 2 000 текше м. – дизель отыны. Бір мезгілде мұнай базасы 10 вагоннан мұнай
өнімдерінің үздіксіз қабылдануын жүзеге асыра алады және 8 жанармай тасымалдаушыларының бір мезгілде толтырылуын
қамтамасыз ете алады.
2009 жылдан бастап компания бөлшек сауда нарығына толыққанды кірді. 2010 жылдың маусым айында «Газпром нефьть –
Қазақстан» 20 «Арна Петролеум» автожанармай құю станцияларынан тұратын желіні, сонымен қатар Алматы, Оңтүстік
Қазақстан және Жамбыл облыстарының 9 жер телімдерін сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады.
2013 жылдың сәуір айында «Газпромнефть» АЖҚС желісі Қазақстанда G-Drive брендімен сипаттамалары жетілдірілген
мотор отынын сатуды бастады.
Бүгінгі күні «Газпром нефть – Қазақстан» компаниясы ҚР отын нарығының 10% алады. Республика бойынша клиентке
қызметтердің толық спектрін ұсынатын 74 станция: автомобильге Еуро 5 экологиялық класты сапалы жанармай құюдан
шиналарды тегін электронды аздап үрлеуге және әйнек жууға дейін. Корпоративтік клиенттерге «Газпром нефть» отын
картасы бойынша есептесу мүмкіндігі қарастырылған.