Біздің бизнес

Компанияның негізгі қызметі Қазақстан Республикасының аумағына Омбы МӨЗ өндірісінің мұнай өнімдерін эксклюзивті әкелу және сату болып табылады.

«Газпром нефть – Қазақстан» ЖШС-мен ынтымақтасудың артықшылықтары:

  • Омбы Мұнай өңдеу зауытының Қазақстан шекарасына жақын тиімді орналасуымен қол жеткізілетін қысқа «көлік иығы», бұл мұнай өнімдерін жеткізудің оңтайлы мерзімдерін қамтамасыз етеді;
  • Жақсы жолға қойылған және пысықталған логистикалық үдеріс мұнай өнімдерін жеткізудің үздіксіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
  • МӨЗ мұнай өнімдерін өндіруде қолданылатын озық технологиялардың арқасында өнімдердің сапасы ЕУРО-5 стандартына сәйкестік қамтамасыз етіледі;
  • Орындарда мұнай өнімдерін сақтауға арналған өндірістік базалары бар Қазақстанның ірі қалаларындағы өңірлік өкілдіктердің кең жеке желісі;