Бөлшек сауда

«Газпром нефть - Қазақстан» ЖШС «Газпромнефть» компаниясының жас және қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорны болып табылады.

Кәсіпорынның еншісінде Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Түркістан, Қарағанды, Сарыағаш, Есік, Кентау қалаларында, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орналасқан 70 АЖҚС бар. «Газпромнефть» заманауи автожанармай құю станциялары заманауи нарықтың ең сәтті технологиялық шешімдерін пайдаланып жобаланады және ең талғампаз автомобильшілердің талаптарына жауап береді. Ыңғайлы, заманауи интерьерлер және станциялардың жарқын сыртқы безендірілуі клиенттердің ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін жасалған.

«Газпромнефть» АЖҚС желісінің артықшылықтары:

  • Автожанармай құю станцияларында Еуро-5 класты Омбы МӨЗ өндірісінің мұнай өнімдері сатылады – дизель отыны, АИ-92 және АИ-95, АИ-98 жанармайлары, сонымен қатар G-Drive премиалды отыны; құрамында марганец, металды қоспалар, метанол жоқ, күкірттің және жанған кезде атмосфераға шығарылатын басқа зиянды заттардың мөлшері аз;;
  • Мұнай өнімдерінің сапасын бақылау барлық өндірістік кезеңдерде жүзеге асырылады – МӨЗ-да, темір жол көлігімен тасымалдаған кезде, мұнай базасында қабылдаған кезде, жанармай тасымалдаушыдан АЖҚС-на түсірген кезде; 2016 жылдың сәуір айынан отынның экспресс-тестілеуін жүргізе алатын «Газпромнефть» мобильдік зертханасы жұмысын бастайды.
  • Сапалы клиентке бағдарланған сервис;
  • Бүкіл желідегі бірыңғай сапа стандарттары;
  • Білікті қызмет көрсету: біз клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмысты жүргіземіз – 2016 жылы орындарда АЖҚС операторларының оқуын және тестілеуін жүргізетін мобильдік бригада жұмысын бастады;
  • Станция пішімін құрға кезде үздік технологиялық шешімдер жиналды. Біз өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы озық технологияларды пайдаланып, АЖҚС үшін жабдық өндіру саласындағы үздік көшбасшылармен ынтымақтасамыз;
  • Ыңғайлы орналасуы, абат аумақ; АЖҚС отын үлестіретін кешенді, клиенттердің автомобильдеріне арналған тұрақты, ілеспе тауарлардың кең сұрыпталымы бар дүкенді, оның ішінде жеке сауда маркаларында «Газпромнефть» АЖҚ және G-Drive желісін, тегін Wi-Fi бар кафені қамтиды. Одан бөлек клиенттер үшін – шиналарды тегін электронды үрлеу және әйнек жуу;
  • Корпоративтік клиенттерге арналған қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді корпоративтік жүйесі;
  • Қолайлы, бәсекелік баға, баға белгілеудің ашық, нарықтық модельдері;
  • Жанармай құюдың құнынан 3%-ға дейін үнемдеуге, бонустар жинауға және олармен кейінгі сатып алуды төлеуге мүмкіндік беретін «Жолымыз бір» ниеттестік бағдарламасы;