Көтерме сатып алушыларға

«Газпром нефть – Қазақстан» ЖШС ұсынады:

  • жарық мұнай өнімдері: жанармайлар – Реттеуіш-92, Премиум Еуро-95, Супер Еуро-98, дизель отыны – жазғы және қысқы. Еуро-5 стандартына сәйкес келетін «Премиум Еуро» және «Супер Еуро» автомобиль жанармайлары экологиялық талаптарға толығымен жауап береді, мұнай нарығында бәсекеге қабілетті және Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген автомобильдер үшін арналған.
  • қара мұнай өнімдері: мазут, жол битумы, жаппа битумы, құрылыс битумы, сонымен қатар басқа мұнай өнімдері.

Сатып алу көлемдеріне және әріптестік қарым-қатынастардың ұзақтығына байланысты әрекет ететін арнайы жеңілдіктер мен төлемнің мерзімін ұзарту жүйесі әзірленген.

«Газпром нефть – Қазақстан» ЖШС тікелей зауыттан тағайындалған жерге дейін ОМӨЗ өндірісінің мұнай өнімдерін тікелей транзиттік жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсынады.

Ынтымақтасудың ерекше шарттары жөніндегі мәселелер бойынша көтерме сауда блогының менеджерлерінен кеңес алуға болады.

Мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды жалдау.

Біз Алматы облысының Боралдай кентіндегі «Газпром нефть – Қазақстан» ЖШС жеке меншік өндірістік базасында мұнай өнімдерін сақтау жөніндегі жаңа ыңғайлы қызметті ұсынуға қуаныштымыз:

Біз өзіміздің клиенттерімізді сыйлаймыз және бағалаймыз, сондықтан біз сақтаудың жеңіл, ашық және түсінікті сызбасын әзірледік. Біздің әріптестеріміз бірқатар кепілдендірілген артықшылықтарды алады:

1. Ақшалай көріністегі ыдыстарды жалдау жөніндегі тиянақталған ай сайынғы мөлшерлеме.

2. Айналымдар ұлғайған кезде жалдау жөніндегі нақты шығындарды төмендету, яғни бағасы, құю және ағызу мөлшеріне қарамастан, көлемі үшін белгіленген. Тиісінше төленген көлемді көп рет пайдаланған кезде, жалдау бойынша шығындар төмендетіледі.

3. Тұрып қалу немесе көлемдердің пайдаланылмағандығы үшін айыппұл санкцияларының жоқтығы.

4. Мұнай өнімдерінің араласуын болдырмайтын технологиялық үдерістің арқасында сақталатын мұнай өнімдерінің сапасын бақылау.

5. Сақталатын мұнай өнімдерін есептеудің ашық әрі ыңғайлы рәсімі.

6. Мұнай өнімдерін құю және ағызу көлемін дәл бақылау жүйесі.

Толығырақ ақпаратты орталық кеңсеге жүгініп, (+7 727) 346-86-00 телефонына қоңырау шалып немесе gpn@gazprom-neft.kz мекенжайы бойынша электронды поштаға сұраным жолдап алуға болады.