Табиғатты қорғау қызметінің бағыттары

Направления природоохранной деятельности (1).jpg

Экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ететін «Газпром нефть-Қазақстан» шешуші үдерістері:

    • заңнамалық, лицензиялық және корпоративтік талаптарды сәйкестендіру;
    • жағымсыз әсер көздерін түгендеу және экологиялық әсер етуді бағалау;
    • экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдерді басқару, оның ішінде экологиялық сезімтал аумақтарда;
    • өндіріс пен тұтынудың шығарындыларын, қалдықтарын, жерлердің қорғалуын басқару;
    • биологиялық алуан түрлілікті сақтау;
    • экологиялық мониторинг және өндірістік экологиялық бақылау;
    • экологиялық қауіпсіздік жөніндегі корпоративтік талаптарды сақтау саласындағы мердігерлік ұйымдардың қызметін басқару;
    • оқиғаларды тергеу;
    • апаттық жағдайларды ескерту, оқшаулау және салдарын жою жүйесін басқару;
    • экологиялық қауіпсіздік саласында персоналды оқыту және дамыту;
    • экологиялық қауіпсіздік саласындағы корпоративтік және статистикалық есептілікті басқару;
    • экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті талдау;
    • қоршаған орта жағдайын мониторигтеу жөніндегі іс-шаралар (санитариялық-қорғаныс аймағының шекарасындағы әуе кеңістігінің, ағынды судың, жер асты суының жағдайы, өндіру мен тұтынудың қалдықтарымен жұмыс жүргізу жөніндегі қызмет);
    • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық іс-шаралардың жоспарлары (қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендету мақсатында жабдықты жаңғырту);
    • қоршаған ортаға жағымсыз әсерді жою жөніндегі нысаналы экологиялық бағдарламалар (инвестициялық жобалар);
    • өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары;
    • қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттама.