Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

«Газпром нефть-Қазақстан» қызметкерлерінің денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралардың қатарына қауіпсіз еңбек шарттарын ұйымдастыру, тұрақты медициналық байқап-қараулар, алғашқы көмекті көрсету әдістеріне оқыту, өз денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыру кіреді.

2015 жылы Компания тамақтанудың, сумен жабдықтаудың және алыстағы өндірістік объектілердің санитариялық-гигиеналық жағдайын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің медициналық байқап-қарауын ұйымдастыру стандарттарын енгізді.

Компанияның және мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлері үшін осы саладағы бірыңғай қағидаларын айқындайтын Алкогольге қарсы/Есірткіге қарсы саясат жандандырылды.

Жыл сайын Компанияның барлық қызметкерлерін ерікті негізде вакциналау жүргізіледі.