Саясат және басқару

2015 жылы «Газпром нефть-Қазақстан» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін арттыру жөніндегі жобаның іске асыруды бастады. Компанияның басшылығы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды және азаматтық қорғанысты (ӨЭҚ, ЕҚ және АҚ) дамытудың кейінгі жылдарға арналған корпоративтік стратегиясын, оның басымдықтарын және негізгі мақсатын айқындады:

Мақсаты — нөл: жұмыстарды орындау кезінде адамдарға, қоршаған ортаға және меншікке зиянның жоқтығы.

Бұл мақсаттың негізінде – әрбір апаттың немесе жарақаттың алдын алуға болатындығына сенім.

Компанияның Қазақстанда ӨЭҚ, ЕҚ және АҚ саласындағы қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарымен, осы саладағы халықаралық және корпоративтік стандарттармен реттеледі. «Газпром нефть-Қазақстанда» қызмет қағидаларын және компанияның міндетемелерін айқындайтын негіз қалаушы құжат – Өнеркәсіптік, өрт, көлік, экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және азаматтық қорғаныс саласындағы саясат.

Өндірістік қауіпсіздік саласыдағы компанияның саясаты

2015 жылы ӨЭҚ, ЕҚ және АҚ саласындағы іс-шараларға кеткен шығындар 12 729 млн теңгені құрады

Компанияның барлық өндірістік кәсіпорындарында OHSAS 18001:2007 және ISO 14001:2004 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін ӨЭҚ, ЕҚ және АҚ корпоративтік менеджмент жүйесі әрекет етеді.

Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру және еңбек шарттарын жақсарту, қызметкерлердің денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іске асырады.

Олардың қатарына келесілер кіреді:
  • төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі оқулар;
  • өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;
  • жабдықтың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің сараптамасы және өндірістік қуаттарды өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкестікке келтіру;
  • апатқа қарсы қорғаныс жүйесін жаңғырту;
  • еңбектің және жұмыскерлердің денсаулығының қорғалуын ұйымдастыру;
  • еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету, осы саладағы мемлекеттік және корпоративтік стандарттарға сәйкес жұмыс орындарын ұйымдастыру;
  • жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
  • компания жұмыскерлерін ӨЭҚ, ЕҚ және АҚ саласындағы жұмыскерлерді кешенді оқыту;
  • осы саладағы озық технологияларды зерделеу және енгізу.

2015 жылдағы жұмыс нәтижелері компанияның өндірістеріндегі инциденттердің санын қысқарту және LTIF жарақаттанушылық коэффициентін одан әрі төмендету болып табылады.

График.png