Қауіпсіздік мәдениеті

«Газпром нефть-Қазақстан» қауіпсіздік мәдениеті әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігіне, компанияның барлық жұмыскерлерін және мердігерлік ұйымдардың өкілдерін қауіпсіздік деңгейін арттыру үдерісіне еліктіруге негізделеді. Бұл басымдық «Газпром нефть-Қазақстан» жалпы корпоративтік ұранында көрініс тапқан – «Қауіпсіздік сенен басталады».

  Гендир.pngМалатаев Марат, «Газпром нефть-Қазақстан» бас директоры

Жыл сайын «Газпром нефть-Қазақстан» нысандарында мердігерлік ұйымдардың 5 мыңнан астам қызметкері жұмыс істейді. Статистика бойынша, инциденттердің басым көпшілігі мердігерлерде орын алады. Бұл жағдай серіктестерімізбен өзара қарым-қатынастарымызды түзету қажеттілігін тудырады.

«Баспалдақтар» бағдарламасын іске асыру тендерлерді жүргізу кезеңінде-ақ контрагенттердің қауіпсіздік мәселелеріне қатысын бағалауға, яғни біздің талаптарға сәйкес келуге дайындарды және біздің қауіпсіздік философиямызға жақындарды іріктеуге мүмкіндік береді.

355 адам 2015 жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы оқудан өтті.

Компания өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің оқыту жүйесін үнемі дамытады.

Компанияның оқыту жүйесіне, басшылары мен мамандары үшін келесі бағыттар бойынша экологиялық қауіпсіздік саласындағы тренингтер жүргізілетін, мердігерлік ұйымдар қосылған:

  • өндірістік нысандарда табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау;
  • компанияның нысандарында өндіру және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы корпоративтік құжаттама талаптары.

Мердігерлік ұйымдардың қызметінің ӨЭҚ, ЕҚ және АҚ саласындағы корпоративтік стандарттарға сәйкестігі компания үшін контрагенттерді конкурстық іріктеу кезеңінде таңдаудың базалық критерийлерінің бірі болып табылады.