«Газпромнефть» АЖҚС желісінің клиенттері автомобиль ұтты

16 қаңтардан 16 сәуірге дейінгі аралықта Қазақстандағы «Газпромнефть» желісінің АЖҚС-да өткізілген «Жанармай құйғаныңыз үшін автомобиль» науқанының қорытындылары шығарылды. Басты жүлде Hyundai Accent автомобилі үшін бүкіл ел бойынша 100 мыңнан астам клиент таласты.

Басты жүлденің ұтысына «Газпромнефть» АЖҚС желісінің кез келген клиенті қатыса алды, науқан кезеңінде «Жолымыз бір» ниеттестік картасы бойынша өз автомобиліңізге 30 және одан көп литр отынның кез келген түрін 12 рет құю жеткілікті болды.

5 рет жанармай құйған клиенттер бағалы жүлделердің ұтысына қатысты: теледидарлар, ноутбуктер, планшеттер және смартфондар. Жеңімпаздар лототрон арқылы ашық ұтыс әдісімен анықталды. Қарағандылық Айтбаев Дәурен жаңа автокөліктің жеңімпазы атанды. Басқа бағалы жүлделер «Газпромнефть» АЖҚС желісінің Алматы, Шымкент және Тараз қалаларындағы клиенттеріне бұйырды. Ұтысдағы викторина уақыты ішінде іс-шараның қонақтары біздің компаниямыздан 40-қа жуық қосымша жүлделерді жеңе алды. Қызықтысы, отын және АЖҚС тақырыбындағы күрделі сұрақтарға көбіне әйел адамдар дұрыс жауап берді, олардың бірі мультипеш ұтты.

«Қызықты науқандар «Газпромнефть» АЖҚС желісі үшін дәстүрге айналды және оларға қатысатын клиенттердің саны өсіп келе жатқандығына қуаныштымын. Бұл жолы науқанның жеңімпазы жаңа тамаша автомобильге иеленді, оған біздің АЖҚС-да жанармай құяды деген үміттеміз. Клиенттердің ниеттестігі біздің компаниямыз үшін өте маңызды және оны арттыру үшін біз бар күшімізді салудамыз. Науқанға қатысты айтар болсақ, қатысушылардың санының көптігі қуантты – 100 мыңнан астам әуесқой автомобильшілер, ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға жоғары. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық клиенттерімізге сәттілік пен бақ тілейміз», - деп атап өтті бас директордың орынбасарының м.а. Шадрин Сергей Васильевич.

Науқанның нәтижелері мен жеңімпаздардың аттары https://www.gpnbonus.ru/kz/services/9738938/

Теги: «Газпромнефть» АЖҚС, ниеттестік картасы, Жолымыз бір

Возврат к списку