«ГАЗПРОМ НЕФТЬ – ҚАЗАҚСТАН» КЛИЕНТТЕРДІҢ АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НАУҚАНДЫ БАСТАЙДЫ

2017 жылдың 6-18 сәуірі аралығында «Газпром нефть – Қазақстан» компаниясы автомобильдердің жарық аспаптарының жанып кеткен шамдарын ауыстыру жөніндегі клиенттік науқанды бастайды.

Бұл әлеуметтік науқанның аясында, жол қозғалысының қатысушылары болып табылатын Қазақстандағы «Газпромнефть» АЖҚС желісінің клиенттері фардың жақын жарығының шамдарын, стоп-сигнал шамдарын және габаритті оттардың жанып кеткен шамдарын жаңа ауыстыру мүмкіндігіне иеленеді.

Науқанның басты мақсаты қоғамның назарын, автомобиль фарларындағы шамдардың жағдайына бақылау орнату қажеттілігіне негізделетін жол-көлік жарақаттанушылығы мәселесіне аудару болып табылады. Науқанның серіктесі шамдарды ұсынған Osram сауда белгісімен Phaeton DC компаниясы болды.

«Газпром нефть – Қазақстан» «Жол Қозғалысының Қауіпсіздігі Қауымдастығымен» (бұдан әрі «ЖҚҚҚ») бірге зерттеу жүргізді, онда жүргізушілердің әлеуметтік-құқықтық мәдениетінің төмендігі бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жолдарындағы апаттылықтың жоғарылығының негізгі себептерінің бірі деген тұжырымға келді.

Автокөлік құралдарының елді мекендерде жақын жарықтың қосулы фарларымен немесе күндізгі жүріс оттарымен қозғалу қажеттілігі туралы нормалардың енгізілуімен Қазақстанда ЖКО санының төмендеуі байқалады. Демек, осы науқан аясында жарық аспаптарының техникалық жағдайын жақсарту және профилактика кешкі уақытта ғана емес, сонымен қатар күндізгі уақыттағы ЖКО санының азаюына септігін тигізетін болады.

«Жүргізушілер сыртқы жарық аспаптарының 100% жұмыс жағдайы сияқты заттардың маңыздылығын түсіне бермейді. Артқы шамдарға қатысты жағдай нашар, стоп-сигнал шамдары қысқа шыдамай жанып кетеді. Шамдарды неге ауыстырмайсыз деген сұраққа барлығы дерлік олардың автомобилінің бұл қауіпсіздік элементінің жанып кеткендігін білмегендігін айтады, алайда ЖЖЕ сәйкес жүргізуші жол жүрер алдында автомобильді қарап шығуға міндетті. «ЖҚҚҚ» бірлесіп біз барлық жүргізушілерді сыртқы жарық аспаптарының жұмысқа қабілеттігін тексеруге шақыру қажеттілігі туралы тұжырымға келдік, ал ақаулық анықталған жағдайда, оларды ҚР Жол Жүру Ережесіне сәйкес түзету қажет», - деп мәлімдеді бас директордың көтерме сауда жөніндегі орынбасарының м.а. Сергей Васильевич Шадрин.

Науқан Алматы қаласы, Капальская көш., 12, Майлин көш. қиылысы мекенжайы бойынша орналасқан «Газпромнефть» желісінің №105 АЖҚС-да өткізілетін болады.

Науқанның ережелері:

Науқан 6-18 сәуір аралығында (қоса алғанда) Қазақстандағы «Газпромнефть» АЖҚС клиенттерінің арасында өткізілетін болады. Жаңа шамдар тек жанып кеткен, ақаулы шамдардың орнына берілетін болады.

Әрбір автомобильге науқанды өткізу кезеңінде көп дегенде 2 шам бір рет беріледі. Науқан ксенонды және жарықдиодты модульдерге таралмайды, ал промоутерлер науқанға қатысушылардың автомобильдеріндегі шамдарды ауыстырмайды. Шам тапсырылған кезде, промоутер шамдардың берілуін қатысушыны суретке түсіру арқылы тіркеуге міндетті.

Возврат к списку